Ұстаздармен кездесу

Ұстаздармен  кездесу

13.05.2022 жылы Арқ алық қаласының ауданаралық Әділет  басқармасының басшысы А.Сыздыкова Арқалық қалалық адвокаттар алқасының мүшелерінің қатысуымен   «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Майлин атындағы негізгі орта мектебі» КММ-нің ұжымына құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету мақсатында ұстаздармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мекеме басшысы және ұстаздар қатысып, өздерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты қойылған сұрақтарына толық жауаптар мен кеңестер берілді,   сондай-ақ, тәулік бойы және  ҚР ӘМ сайтында 119 телефон нөмеріне азаматтардың құқықтық кеңес алу мүмкіндігі туралы жеткізілді.

Іс-шараның мақсаты азаматтардың құқықтарын  түсіндіру, оларға заңгерлік  көмек көрсету.

Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы