12.05.2022 жылы Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысы А.Сыздыкова Екідің ауылдық округі кәсіпкерлерінің қатысуымен «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру бойынша және Дүниежүзілік экономикалық форумның ЖаҺандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (ДЭФЖБҚИ) 4-көрсеткішінің бірі-зияткерлік меншікті қорғау индикаторы көрсеткішін жақсарту мақсатында зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша «Тауар белгілері және ұғымы, қызмет белгілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл шараның өткізілу мақсаты, тауарлық белгілерді қорғау қалай жүзеге асырылатыны, заңсыз тауарлық белгілерді қолдану қандай зардапқа әкелетіні, Қазақстан Республикасында тауарлардың шығу орындарының атаулары және оларды тіркеу тәртібі сұрақтары бойынша түсіндіру.
Сонымен қатар, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Заңдылыққа сәйкес толықтай жауап берілді.
Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы.