ЖОБА: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

ЖОБА: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабы­ның 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.
  2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциясына өзгерістер мен толықты­руларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.
  3. Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
  4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мем­лекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы орган­дарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйым­дастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылда-
    сын.
  6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы  5 мамыр

№ 888

 

https://kazpravda.kz/n/proekt-zakon-rk-o-vnesenii-izmeneniy-i-dopolneniy-v-konstitutsiyu-respubliki-kazahstan/

https://egemen.kz/article/311406-zhoba-qazaqstan-respublikasynynh-konstitutsiyasyna-ozgerister-men-tolyqtyrular-e