2022 жылғы 11 мамырда «Контрафакт» республикалық акциясы шеңберінде шығармашылық одақтардың өкілдерімен семинар өткізілді.
Семинарға сүретшілер одағының, жазушылар одағының, композиторлар одағының төрағалыры, соңдай-ақ мәдениет басқармасы мен балалар шығармашылығы мектебінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелері жария етілді, сындарлы диалог жүргізілді және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы тығыз өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі