Заңды тұлғаларды тіркеу мен жылжымайтын мүлікті тіркеу сұрақтары бойынша семинар

Заңды  тұлғаларды  тіркеу  мен  жылжымайтын  мүлікті  тіркеу  сұрақтары  бойынша   семинар

Арқалық қаласының  ауданаралық әділет басқармасының басшысымен   2022 жылдың 03 мамыр  күні «Азаматтарға  арналған  үкімет» МК  КЕ АҚ-ның Қостанай  облысы  бойынша  филиалы – Амангелді ауданы тіркеу және жер кадастры бөлімінің қызметкерлері қатысуымен заңды  тұлғаларды  тіркеу  мен  жылжымайтын  мүлікті  тіркеу  сұрақтары  бойынша   семинар өткізілді.  

Іс-шараны  өткізу  барысында  заңды  тұлғаларды  тіркеу, қайта  тіркеу, таратылуын  тіркеу  қызметін  алушылардың  жүгінулерін  электрондық  үкімет  порталы  арқылы  санын  өсіруге  қатысты   мәселелері,  сонымен  қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы  және    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» өзгерістері мен  толықтырулары  талқыланды.

Семинар  барысында  сұрақтар  қойылып,   жан-жақты және  толық  жауаптар  берілді.

 

 

Арқалық қаласының  ауданаралық әділет басқармасы