«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» семинар өткізілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» семинар өткізілді

2022 жылғы 18 қаңтарда  «Арқалық қаласының сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының басшысы мен «Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы басшысы бірлесіп Қостанай облысы Арқалық қаласы полиция басқармасының көші-қон полиция тобы ММ-нің қызметкерлерімен және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының жұмыскерлері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс – шара барысында сыбайлас жемқорлық бойынша оның мақсаты мен нысаны, сыбайлас жемқорлық шараларының жүйесі туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы, демократиялық бастаманы кеңейтуге және жариялауға, мемлекетпен оның құрылымына халық сенімін нығайту және тұлғалардың сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау туралы түсінік берді.Семинар соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. 

Арқалық қаласының ауданаралық

сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалы