«Әділет кеңес береді» акциясы

«Әділет кеңес береді» акциясы

  

     Қостанай облысының Әділет департаменті мен Қостанай облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында және Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігі индексінің «Даулы істерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша, Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысымен  2021 жылдың 21 желтоқсан күні  «Зияткерлік меншік  құқығын қорғау» сұрақтары бойынша кәсіпкерлермен онлайн түрде  онлайн түрде «Әділет кеңес береді» акциясы  өткізілді.

     Іс-шара барысында кәсіпкерлерге зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын тіркеу тәртібі, оның ішінде авторлық құқықты тіркеу, тауар таңбасын тіркеу, өнертабысқа патент алу, сонымен қатар, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға жол берілген жағдайда қандай жауапкершілікке қарастырылатыны жайында түсіндірілді.  

 Іс-шара барысында қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді, сондай-ақ тәулік бойы және ҚР ӘМ сайтында 119 телефон нөміріне азаматтардың құқықтық кеңес алу мүмкіндігі туралы жеткізілді.

                                        Арқалық қаласының ауданаралық

әділет басқармасы.