Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы «Ашық есік күні».

Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды  тіркеу туралы  «Ашық есік күні».

       

       2021 жылдың 14 желтоқсанда   Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысымен 2021 жылдың 14 желтоқсан күні Дүниежүзілік банк Дүниежүзілік банк «Doing  Business» рейтингінде Қазақстанның орнын жақсарту негізінде, заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша қала халқына «Ашық есік күні» өткізілді.

        Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кепілдендірілген қызметтерді алу мүмкіндігін түсіндіру, сауаттылықтары мен құқықтық білім деңгейлерін арттыру және білікті заңгерлік көмек көрсету.

        Іс-шара барысында қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді, сонымен қатар заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің тәртіптері туралы кеңінен түсіндірілді, сондай-ақ тәулік бойы және ҚР ӘМ сайтында 119 телефон нөміріне азаматтардың құқықтық кеңес алу мүмкіндігі туралы жеткізілді.

                                               Арқалық қаласының ауданаралық

                                               әділет басқармасы.