"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қайта бағыттау кезіндегі қателер" семинары

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қайта бағыттау кезіндегі қателер" семинары

2021 жылғы 25 қарашада Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері арасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа мемлекеттік органдарға қайта бағыттауға қатысты семинар өткізілді.

"Документолог" электрондық базасында, сондай-ақ "Е-өтініш" ақпараттық жүйесінде өтініштермен жұмысты сапалы ұйымдастыру мақсатында Департаменттің әкімшілік-құқықтық бөлімімен өтініштерді қайта бағыттау алгоритмі туралы түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, семинар барысында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде өтініштерді қарауға қатысты мәселелер талқыланды.