Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығымен кездесу өткізілді

Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығымен кездесу өткізілді

2021 жылғы 25 қарашада "Рухани жаңғыру" бағдарламасының Құқықтық мәдениет арнайы жобасының, сондай-ақ 2021-2023 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасының "Probono "волонтерлері" жобасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысының Әділет департаменті "Заңгер" заң консультанттары палатасының төрағасымен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында кездесу өткізді.

Кездесу барысында жетім балаларға мемлекеттен қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба, сондай-ақ баланың кәмелетке толған кезінде тұрғын үй беру мәселелері қозғалды.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық сұрақтарға жауаптар берілді, сондай-ақ балаларға олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кеңестер берілді.

Баспасөз қызметі

Қостанай облысының

Әділет департаменті