«Әділет кеңес береді!» акциясы

«Әділет кеңес береді!» акциясы

Арқалық қаласының ауданаралық Әділет басқармасының басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ қызметкрлерімен бірлесе отырып, 2021 жылдың 14 қазан күні Дүниежүзілік банк «Doing  Business»  рейтингіндегі Қазақстанның орнын жақсарту мақсатында заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу  сұрақтары бойынша қала халқына «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

Бұл шараның өткізілу мақсаты -  заңды тұлғалардытіркеу, мемлекеттік кепілдендірілген қызметтерді алу мүмкіндігін түсіндіру, сауаттылықтары мен құқықтық білім деңгейлерін арттыру және білікті заңгерлік көмек көрсету.

Іс шара барысында азаматтардың көкейкесті сауалдарына құқықтық кеңес беріліп, сонымен қатар кішікәсіпкерлік субъектілерін электронды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеудің тәртіптері туралы кеңінен түсіндірілді.

Жүгінген қаланын 3 азаматына  кеңестер берілді.

Арқалық қаласының  ауданаралық

әділет басқармасы