Семинар

Семинар

Арқалық қаласының ауданаралық  Әділет басқармасымен  2021 жылдың  12 қазанда «Арқалық қаласының  сот    актілерін орындау бойынша    аумақтық бөлімі» филиалының  сот орындаушысымен  бірлесе  отырып«Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Ірілендірілген Арқалық жол дистанциясы» филиалының жұмыскерлерінің  қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  мәселелері  туралы»  тақырыбында семинар  өткізілді.

Іс шара барысында  сыбайлас жемқорлық бойынша оның мақсаты мен нысаны,   сыбайлас жемқорлық шараларының жүйесі туралы және  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы,  демократиялық бастаманы кеңейтуге және жариялауға бағытталғаның, мемлекетпен оның құрылымына халық сенімін нығайту және тұлғалардың сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау  туралы түсінік берді.

Семинар  соңында  қатысушылар  өз  ой-пікірлерімен  бөлісті.

Арқалық қаласының ауданаралық

Әділет басқармасы