2021 жылғы 30 қыркүйекте Қостанай облысының Әділет департаментінде әділет органдары қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Департамент басшылығы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап,
оларға отбасында амандық, мықты денсаулық және жұмысына сәттілік тіледі.
Салтанатты шарада Департаменттің айрықша қызметкерлері, сондай-ақ құқықтық қоғамдастық өкілдері Әділет Министрінің кеуде белгілерімен, Құрмет грамоталарымен және Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі