«Әділет кеңес береді» акциясы

«Әділет кеңес береді» акциясы

2021 жылдың 21 қыркүйекте  Арқалық қаласының  ауданаралық әділет басқармасының басшысымен Арқалық қаласының нотариусы Ж.Утельбаева, және адвокаттар Г.Нургожина, Г.Бекмаганбетовтермен бірлесе  отырып, Арқалық қаласы халқына тегін заң көмегін көрсету бойынша  «Әділет кеңес береді» акциясын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынан айырылғанғандарға, босқын және қандас мәртебесін алу, оңалту және зейнетақымен жәрдемақыларды тағайындау бойынша заң көмегі шеңберінде мемлекет кепілдендірген заң көмегін көрсету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Өтініш берушілер көп жағдайда сот орындаушылардың жұмысына, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіруге, атқарушы құжаттар бойынша зейнетақыдан ұстаумен келіспеушілікке байланысты сұрақтары бойынша жүгінді.

Барлық келгендерге қойылған сұрақтарға толық жауаптар мен түсініктемелер берілді, сондай-ақ тәулік бойы және ҚР ӘМ сайтында 119 телефон нөміріне азаматтардың құқықтық кеңес алу мүмкіндігі туралы жеткізілді.

Бұл іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтті.

        Арқалық қаласының ауданаралық Әділет басқармасы