Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері азаматтармен алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау, оңалту, босқын мәртебесін алу немесе кандас мәртебесін алу, кәмелетке толмағандарға, жетім балалар мен ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша консультациялар берді.
Іс -шараның мақсаты - білікті заң көмегін көрсету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай -ақ азаматтардың проблемалық мәселелерін шешу.
Іс -шара барысында жүгінген азаматтарға өздерін қызықтыратын сұрақтарға толық және білікті жауаптар берілді, алимент өндіруге қатысты түсіндірмелер берілді.
Баспасөз қызметі
Қостанай облысы
Әділет департаментінің