Халықтың әлеуметтік осал топтары мәселелері бойынша кеңес

Халықтың әлеуметтік осал топтары мәселелері бойынша кеңес

А.ж. 29 шілдесінде Қостанай облысының Әділет департаменті, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының балаларды әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы С. Б. Алхамбаевамен және Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А. Ж. Аманкуловамен алимент, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас туысқандық мәртебесін алу, кәмелетке толмағандарға заң көмегін көрсету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізді.

 Іс-шараны өткізу барысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру шешілді.

 Баспасөз қызметі

Әділет департаментінің

Қостанай облысы