Әділет кеңес береді

Әділет кеңес береді

2021 жылғы 28 шілдеде «ProBono волонтерлері» жобасын іске асыру шеңберінде Бейімбет Майлин ауданаралық Әділет басқармасы Бейімбет Майлин ауданының адвокатымен бірлесіп " Әділет кеңес береді "акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. 

Акция барысында кеңес алу үшін ауданның 4 тұрғыны тегін заң көмегін көрсету тәртібіне, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге, заңды тұлғаны тіркеуге, зияткерлік меншікті қорғауға қатысты сұрақтармен жүгінді, сондай-ақ "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түсініктемелер берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтар толық жауаптар алды, қойылған сұрақтар бойынша тиісті кеңестер берілді және заңнама нормалары түсіндірілді.

Бейімбет Майлин ауданаралық

Әділет басқармасы