«Әділет органдарының ашық есік күні» акциясы

«Әділет органдарының ашық есік күні» акциясы

2021 жылдың 10 маусым күні Меңдіқара ауданаралық әділет басқармасының басшысымен «Азаматтарға  арналған  үкімет» МК  КЕ АҚ-ның Қостанай  облысы  бойынша  филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Меңдіқара ауданының бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп аудан тұрғындарына «Ашық  есік  күні» өткізілді.

Акция барысында жүгінген азаматтарға заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндігі бойынша түсініктемелер берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтардың барлық сұрақтар бойынша толық және білікті жауаптар берілді.

 

Меңдіқара ауданарық әділет басқармасы