Консультативтік көмек

Консультативтік көмек

2021 жылдың  3 маусымда Бейімбет Майлин ауданаралық Әділет басқармасы зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Бейімбет Майлин ауданының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы филиалында онлайн режимде бизнес-қоғамдастыққа құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсетілді.

Іс-шара барысында "Контрафак" республикалық акциясын өткізу туралы хабарланды, сондай-ақ бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жер  атауын немесе оған ұқсас белгілерді біртекті тауарлар мен қызметтер үшін белгілердің араласу айырғысыз дәрежесіне дейін заңсыздығы, сондай-ақ бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану мәселелері айтылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша кәсіпкерлер қойылған сұрақтар бойынша толық жауаптар мен кеңестер алды.

Бейімбет Майлин ауданаралық

  Әділет басқармасы