«Мұражай – тарих сақтаушысы»

«Мұражай – тарих сақтаушысы»

Өз даралығын сақтау үшін біздің елімізде тарихи жадыны нығайтуға көп көңіл бөлінеді.  Ағымдағы жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  Жітіқара ауданаралық әділет басқармасы және сот актілерін орындау аумақтық бөлімінің қызметкерлері  аудандық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Қызметкерлер түрлі экспонаттармен, соның ішінде археология, сәндік-қолданбалы өнер бойынша құнды коллекциялармен, сирек кездесетін кітаптармен, мұрағаттық құжаттармен және фотоматериалдармен танысты. Мұражай қызметкері туған өлкенің тарихи оқиғалары туралы қызықты және танымдық экскурсия өткізді.

           Іс-шара барысында көптеген танымдық ақпараттар алынды.

Жітіқара ауданаралық

әділет басқармасы