«Әділет кеңес береді» акциясы

«Әділет кеңес береді» акциясы

2021 жылы 12 мамыр күні Меңдіқара ауданаралық әділет басқармасының басшысы Дүниежүзілік Банк «Doing Bussines» рейтингінде Қазақстанның орнын жақсарту негізінде, заңды тұлғаларды тіркеу жіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша аудан халқына «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Іс - шара барысында азаматтардың көкейкесті сауалдарына құқықтық кеңес беріліп, оның үстіне кіші кәсіпкерлік субъектілерін электронды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеудің тәртібтері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі туралы хабардар болды және «Құқықтық мәселелері бойынша қоңырау шалыңыз және кеңесті алыңыз» атты жадынамалар табысталды.

Меңдіқара ауданаралық әділет басқармасы