Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

2021  жылдың  12  мамыр  күні  Арқалық қаласының  ауданаралық әділет басқармасының  бас маманымен   Дүниежүзілік банк «Doing  Business» рейтингінде Қазақстанның орнын жақсарту негізінде коммерциялық  емес заңды  тұлғаларды  және  жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды тіркеу  сұрақтары бойынша заңнамалық  реформалар  туралы  ақпаратты  жүргізу  мақсатында «Азаматтарға  арналған  үкімет» МК  КЕ АҚ-ның Қостанай  облысы  бойынша  филиалының Халыққа  қызмет  көрсету   бойынша  Жангелдин  ауданының бөлімі  қызметкерлерімен онлайн-семинар  өткізілді.

Іс-шараның  мақсаты – коммерциялық емес заңды тұлғаларды,  оның  филиалдары  мен  өкілдіктерін  тіркеу, қайта  тіркеу,  өзгерістер  мен толықтыруларды  тіркеу және  таратылуын тіркеу бойынша  тәртіптері  мен  тіркеу  мерзімдері  бойынша   түсіндіру.

Іс шара барысында құқықтық кеңес беріліп, сонымен қатар кіші кәсіпкерлік субъектілерін электронды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеудің тәртіптері,   азаматтарға тәулік  бойы  құқықтық  кеңестер  алу  мүмкіндігі  туралы  және  ҚР ӘМ  119  нөмері бойынша   кеңінен түсіндірілді.

Семинар  барысында  сұрақтар  қойылып,   жан-жақты және  толық  жауаптар  берілді.

Арқалық қаласының  ауданаралық  әділет басқармасы