«Әділет органдарының ашық есік күні»

«Әділет органдарының ашық есік күні»

2021 жылы 11 мамыр күні  Жітіқара ауданаралық әділет басқармасының  қызметкерлері,  жеке нотариус,  Мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету бөлімінің өкілі, мемлекеттік сот орындаушы қатысуымен  азаматтарды құқықтық мәселелер бойынша  қабылдауы өткізілді.

Қатысушылар  азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және  заңды тұлғаларды тіркеу,  өсиетті жасау, мүліктің үлесін  иеліктен шығару, сот актілерін орындау және өзге де азаматтық-құқықтық  сұрақтары бойынша түсіндірмелер берді.

Мұндай іс-шаралардың өткізілуі  тұрақты негізде жоспарланып отырады.

Жітіқара ауданаралық  әділет басқармасы