2021 жылдың 04 мамыр күні Меңдіқара ауданаралық әділет басқармасы, мемлекеттік сот орындаушысымен, жеке сот орындаушысымен және аудандық полиция бөлімінің қызметкерімен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалар мен мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шара барысында бұл Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамыуының мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша алға қойылған міндеттерге бағытталғанын атап өтілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қолданысқа енгізілген заңнамалық өзгерістеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі күшейе түсуде екендігін назарына жеткізілді.
Отырыс соңында қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті.
Меңдіқара ауданаралық
әділет басқармасы