Аймақтағы кәсіпкерлерге құқықтық білім беру зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында

Аймақтағы кәсіпкерлерге құқықтық білім беру зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында

2021 жылдың 16 сәуірінде Әулиекөл ауданаралық әділет басқармасының басшысымен Әулиекөл ауданының сауда орындарында зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында құқықтық түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.

Жоғарыда аталған іс-шараның мақсаты - аймақ кәсіпкерлеріне зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында құқықтық білім беру және контрафактілік өнімдерді сатудың алдын алуға бағытталған.

Іс-шара барысында зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары, авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары, сондай-ақ кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара іс-қимыл мәселелері түсіндірілді.

Әулиекөл ауданы әділет басқармасы