Аудандағы кәсіпкерлерге құқықтық білім беру

Аудандағы кәсіпкерлерге құқықтық білім беру

2021 жылдың 16 сәуір күні зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде Меңдіқара ауданаралық әділет басқармасының басшысы «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының филиалында «ZOOM» платформасы арқылы аудан кәсіпкерлерге арналған «Тауар белгілерін тіркеу тәртібі және олардың қолданылу мерзімдері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Жоғарыда аталған іс-шараның мақсаты – аудан кәсіпкерлеріне зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, атап айтқанда зияткерлік меншікті тіркеу, зияткерлік меншікті заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы құқықтық білім беру.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 Меңдіқара ауданаралық

әділет басқармасы