Семинар о противодействии коррупции

Семинар о противодействии коррупции

Арқалық қаласының  ауданаралық әділет басқармасының бас  маманымен  2021 жылдың 15 сәуір  күні «Азаматтарға  арналған  үкімет» МК  КЕ АҚ-ның Қостанай  облысы  бойынша  филиалының Халыққа  қызмет  көрсету   бойынша  Арқалық  қаласының  бөлімінің қызметкерлері қатысуымен «Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес – баршаның  борышы»  тақырыбында семинар  өткізілді.

Іс-шара барысында басқарма бас  маманымен    -  сыбайлас жемқорлық бойынша, оның мақсаты мен нысаны, сыбайлас жемқорлық шараларының жүйесі туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы,  демократиялық бастаманы кеңейтуге және жариялауға бағытталғанын, мемлекетпен оның құрылымына халық сенімін нығайту және тұлғалардың сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау туралы түсінік берілді.

Семинар сонында  қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Арқалық қаласының  ауданаралық әділет басқармасы