Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді

Әулиекөл ауданаралық Әділет басқармасы 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2021 жылдың 08 сәуірінде Әділет басқармасы қызметкерлеріне, мемлекеттік сот орындаушысы және "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Әулиекөл ауданы филиалының қызметкерлері қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Іс- шара барысында басқарма басшысы өз сөзінде заңнамаға енгізілген жаңалықтарды және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да этикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалары айтылды.

 

 

Әулиекөл ауданаралық

                                                                                 әділет басқармасы