2021 жылдың 06 сәуірінде Әулиекөл ауданаралық әділет басқармасының басшысы Әулиекөл ауданының «Nur Otan Партиясы» филиалында білікті заң көмегін көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтар сатып-алу мәмілесін жасау, алимент бойынша берешекті төлеу, мұралық мүлікті бөлу тәртібі туралы мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, сатып алу мерзіміне байланысты меншік құқығын растау мәселесі бойынша кеңес берілді.
Азаматтар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар мен ұсыныстар берілді.
Әулиекөл ауданаралық әділет басқармасы