«Ашық есік күні» акциясы

«Ашық есік күні» акциясы

2021 жылдың 1 наурызында ауданаралық Әділет басқармасы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Бейімбет Майлинмен бірлесіп «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты азаматтарға олардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін тегін консультациялар мен құқықтық көмек көрсету болып табылады.

     Акция барысында 4 азаматқа жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері бойынша кеңестер берілді, сондай-ақ "тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы"Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түсініктемелер берілді.

         Өтініш білдірген азаматтар акцияны ұйымдастырушыларға көрсетілген заң көмегі үшін алғыстарын білдірді.

Бейімбет Майлин

ауданаралық әділет басқармасы