Бизнес –қоғамдастық өкілдеріне консультациялық көмек

Бизнес –қоғамдастық өкілдеріне консультациялық көмек

2021 жылдың  24 ақпанда ауданаралық Әділет басқармасы Зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Бейімбет Майлин ауданының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының филиалында онлайн режимде бизнес-қоғамдастыққа құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетті.

Іс-шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, тауар таңбасын тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары, сондай-ақ тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша кәсіпкерлер қойылған сұрақтар мен кеңестер бойынша толық жауаптар алды.

Бейімбет Майлин ауданаралық

  Әділет басқармасы