Қостанай облысы Әділет департаменті басшының жеке қабылдауы

Қостанай облысы Әділет департаменті  басшының жеке қабылдауы

2021 жылғы 26 ақпанда "Нұр-Отан" партиясы Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде "Әділет кеңес береді" акциясы аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы А. С. Умаров азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында жүгінген азаматтарға алименттерді өндіріп алу, мүлікке тыйым салуды алып тастау және кепілдендірілген заң көмегін көрсету тәртібі бойынша құқықтық кеңес берілді.

Жеке қабылдауға келген барлық азаматтар қойылған сұрақтарға толық жауап алды.

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі