Қостанай облысы Әділет департаменті адвокаттардың қатысуымен семинар өткізді

Қостанай облысы Әділет департаменті адвокаттардың қатысуымен семинар өткізді

2021 жылғы 24 ақпанда Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары М. Ж. Қасымовтың төрағалығымен Мемлекет кепілдік берген заң көмегі мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға адвокаттар, Қостанай облысы адвокаттар алқасының мүшелері: Шопагулова Ж.С., Төлепбаева А.Б., Қостанай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің мамандары қатысты. Сондай-ақ, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда адвокаттардың 2020 жылға тегін заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру жағдайын талдау тыңдалды, сондай-ақ, Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар тобын кеңейту мәселелері мен ұсыныстарын қарай отырып, халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көлемін ұлғайту талқыланды.

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі