«Қостанай жоғары экономикалық колледжінде» дәріс

«Қостанай жоғары экономикалық  колледжінде»  дәріс

2021   жылдың  21  ақпанында Қостанай облысы  Әділет департаментімен ZOOM бағдарламасы арқылы «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжінде» бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі - бұл түлектерге өздерінің қалаған салаларындағы бос жұмыс орындарын зерттеуге және бірнеше жұмыс берушілермен бір жерде тікелей байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік.     

Халықты жұмыспен қамту қызметінің мамандары түлектерге жұмысқа орналасу, қайта даярлау, жұмыс іздеу технологиясы, еңбек нарығында өзін-өзі таныстыру, кәсіптік оқыту және қосымша кәсіптік білім беру мүмкіндіктері туралы кеңес берді.       

Түлектер жастар тәжірибесі, халықтың мақсатты топтарындағы адамдар - әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу мәселесі бойынша ақпарат алуға мүмкіндік алды.

        Әділет департаментімен мемлекеттік органдарда  бар бос жұмыс орындарын ұсынды, сонымен қатар студенттерді біздің мемлекеттік органда өздерінің практикалық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге шақырды.

     Қазақстан Республикасының көрнекті қайраткерлеріне арналған мерейтойларды атап өтуге байланысты студенттер Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, 100 жылдығын мерекелеу аясында Профессор Салық Зиманұлы Зимановқа оның өмірбаяны, Салық Зиманұлының егеменді, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында, құқықтық білім мен ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы  баға жетпес рөлі туралы дәріс оқылды.

       Зиманов ғалым ретінде Қазақстанның мемлекеті мен құқығының тарихына көп көңіл бөлді. Салық Зиманұлының ғылыми қызығушылықтары саяси-құқықтық жүйенің теориясы мен тарихын, федералды мемлекет, конституциялық құқық, мемлекеттік құқық және саясаттану мәселелерін қамтыды. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 12 монографияның авторы, «Кеңестік Қазақстанның мемлекеті мен құқығы тарихы» үш томдық кітабын дайындаудың және басудың авторы.Салық Зиманов ең алдымен реформатор, заң ғылымдары және мемлекет пен құқық тарихы туралы көптеген іргелі зерттеулердің авторы ретінде танымал болды. Ол өзесімін егеменді Қазақстанның тарихындағы алтын әріп ретінде қалдырды.