Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Әмір Омаров облыстық мәслихат депутаты Гүлнара Қапеновамен мәслихаттар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында қант диабеті түріндегі созылмалы аурулары бар адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы норма түзушілік сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі