«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау

2021 жылы 15 қаңтарда Қостанай облысы Әділет департаментінің халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстары және заңгерлік қызметтер көрсету бөлімі заң кеңесшілерінің палаталарымен «дөңгелек үстел» өткізді.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және құқықтық көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының кейбір нормалары, атап айтқанда, палаталар мүшелерінің саны, Республикалық палатаны құру және басқалары талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі