2021 жылдың 12 қаңтар күні Жітіқара ауданаралық әділет басқармасының мамандары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы - халыққа қызмет көрсету Жітіқара ауданы бөлімінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне, құжаттарды қабылдау тәртібіне, қызмет көрсетуден бас тарту себептеріне қатысты мәселелер талқыланды және заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеуді реттейтін заңнамадағы өзгерістер туралы айтылды.
Барлық сұрақтарға түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді.
Жітіқара ауданаралық
әділет басқармасы