2021 жылы 11 қаңтар күні Жітіқара ауданаралық әділет басқармасының қызметкерлерімен «Ашық есік күнін» өткізу ұйымдастырды. Акцияға жеке және мемлекеттік сот орындаушы, Мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар азаматтарға атқарушылық іс жүргізуді орындау бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, мемлекеттік қызметтерді электронды түрінде алу және өзге де азаматтық-құқықтық сұрақтары бойынша түсіндірмелер берді.
Мұндай іс-шаралардың өткізілуі тұрақты негізде жоспарланып отырады.
Жітіқара ауданаралық
әділет басқармасы