Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңындағы салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңындағы салтанатты іс-шара

2020 жылғы 15 желтоқсанда Қостанай облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді, оған департамент басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

         Іс-шара барысында басшылық Департамент қызметкерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.

Сондай-ақ, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультативтік заң көмегін көрсету бойынша "Biz Birgemiz" республикалық акциясына белсенді қатысқан ерікті студенттер Департамент басшысының грамоталарымен марапатталды.

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі