жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өткізілді

жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өткізілді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 18 қыркүйекте Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының, орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, тәртіптік,әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын құқық
бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу,сыбайлас жемкорлыққа қарсы саясат, сондай-ақ Департаменттің ішкі еңбек тәртібі мәселелері қаралды.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі