
🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 14 тамызда Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова «Медовый дом KZ» ЖК қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі жаңалықтарына арналған дәріс өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңін көрсететіні және негізінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұрған Әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын бекітетіні атап өтілді.
Ерекше назар келесі ережелерге аударылды:
🔹 зияткерлік меншікті конституциялық деңгейде қорғауға;
🔹 некені ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде бекітуге, бұл неке институтының құқықтық айқындылығын қамтамасыз етуге және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғауға бағытталған;
🔹 Миранда қағидаларына және олардың азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызына;
🔹 жаңа институттар — Вице-президент, Құрылтай және Қазақстан Халық Кеңесіне;
🔹 Конституцияның негізгі идеяларының бірі болып табылатын адамға бағдарланған тәсілге — мемлекеттің адамның құқықтарына, бостандықтарына, қадір-қасиеті мен мүдделеріне басымдық беруіне.
💬 Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жаңа конституциялық нормалар бойынша түсініктемелер алды.
Конституцияны білу — өз құқықтарыңды, бостандықтарыңды және оларды қорғау мүмкіндіктерін білу.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі