
🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 9 шілдеде Қостанай облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Айтова Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған дәріс оқыды.
🔹 Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, оның мемлекеттің Ата Заңы ретіндегі маңызы, сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және конституциялық құндылықтарды нығайту мәселелері қарастырылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі