
🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 9 шілдеде Қостанай қаласының Аумақаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде тәркіленген мүлікті жою жөніндегі іс-шараларды өткізді.
🔹Сот шешімдерін орындау барысында төмендегілер жойылды:
* MustHave маркалы кальянға арналған контрафактілік темекінің 116 қаптамасы;
* Мемлекет кірісіне тәркіленіп, кейіннен жоюға жатқызылған ORIS маркалы темекінің 145 қаптамасы және «Родники Сибири» маркалы арақтың 19 бөтелкесі;
* Уәкілетті мекемеде сақтауда болған 4 микро SD-карта;
* Құндылығы жоқ деп танылып, жоюға жатқызылған 1 вентерь (балық аулау құралы).
🔹Аталған іс-шаралар сот актілерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге, тыйым салынған және контрафактілік өнімдердің азаматтық айналымға қайта түсуіне жол бермеуге, сондай-ақ заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық мүдделерді қорғау қағидаттарын іске асыруға бағытталған.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі