
🔹 2026 жылғы 23 маусымда «IQostanay» балаларға арналған SMART-орталығы ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
🔹Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік қызмет ардагерлері, қоғам өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және облыстың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Салыкбаев қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің маңызы мен мәніне тоқталды.
🔹Салтанатты іс-шара аясында мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табысталды.Сондай-ақ іс-шара барысында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған жаңа қызметкерлер мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз кызметі