Ашық есік күні

Ашық есік күні

🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 15 маусымында Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова колледж студенттеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге мемлекеттік органның қызметі, мемлекеттік қызметшілер жұмысының негізгі бағыттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметке қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Қатысушылар қызметкерлер жұмысының ерекшеліктерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша түсіндірмелер алды.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі