
🔸 «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылдың 6 маусымында Қостанай облысы прокуратурасы мен Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Құқықтық марафон» акциясына Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов және департамент қызметкерлері қатысты.
🔸 Іс-шара Қостанай қаласындағы Триатлон саябағында өтіп, құқық қорғау және арнайы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, бизнес қауымдастықтың, медицина ұйымдарының, сондай-ақ қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдерінен құралған 12 команданы және 300-ден астам қатысушыны біріктірді.
🔸 Акцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын нығайту, заңға деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Өйткені заң әрқайсымыздың жауапкершілігімізден, тәртібімізден және күнделікті іс-әрекеттерімізден басталады.
🔸 Марафонға қатысушылар жауапкершілік, тәртіп және құқықтық тәртіп құндылықтарына адалдығын танытып, заңдылық пен құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастаманы қолдады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі