Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

🔹 2026 жылғы 5 маусымда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қостанай облысының Әділет департаменті «Аманат» ЖМ-мен бірлесіп, кинотеатр өкілдеріне арналған онлайн-семинар өткізді. Семинардың тақырыбы — кинофильмдерді көрсетуді ұйымдастыру және өткізу кезіндегі авторлық құқық саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері болды.
🔹 Конструктивті диалог барысында қатысушыларға кинофильмдерді көрсету кезіндегі авторлық құқық саласындағы заңнаманың негізгі талаптары түсіндірілді. Аудиовизуалды шығармалардың авторларына — композиторларға, сценаристерге және басқа да жасаушыларға сыйақы төлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔹 Мұндай іс-шараларды өткізу кинопрокат нарығына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, авторлық құқықтарды сақтау мәдениетін қалыптастыруға және кинофильмдерді көрсету кезінде зияткерлік меншік объектілерінің заңды пайдаланылуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі