
Ағымдағы жылдың 4 маусымында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ермек Тайкенов «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының қызметкерлері үшін «Конституция – құқықтық мемлекеттің негізі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға Конституцияның негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Конституцияның заңдылықты қамтамасыз етудегі, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы және адам құқықтарын қорғаудағы рөлі түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық құндылықтарға деген құрметті нығайтуға ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі