
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында және Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында 2026 жылдың 3 маусымында Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінде Қостанай облысы Әділет департаментінің бас маманы Мадина Ниязбекованың қатысуымен «Жаңа Конституция: Ата заңымыздағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар» тақырыбында дәріс өтті.
🔸Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген маңызды өзгерістер мен жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және құқықтық мемлекетті дамыту мәселелері кеңінен түсіндірілді.
🔸Сонымен қатар студенттерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының маңызы мен мәні туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екені атап өтілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі