
🔸 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 2 маусымында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Б.Т. Аленовтың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде өткен «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасын ашу және ұйымдастыру жөніндегі кеңеске қатысты.
🔹 Кеңес барысында іс-шараны ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру, сондай-ақ есірткі құралдары мен құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мәселелері қаралды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі